Мәмілелер бұрыннан кестеде немесе басқа CRM-де жүргізілсе, оларды қолмен қайта енгізудің қажеті жоқ. WazzaBee CRM мәмілелерді Excel немесе CSV файлынан, amoCRM экспортынан және Битрикс24 көшіру файлынан жүктейді. Жүктеу алдында CRM не болатынын көрсетеді, содан кейін ғана мәмілелерді тақтаға қосады.
Жүктеу қай жерде
- «Баптаулар» бөлімін ашыңыз.
- «Деректерді көшіру» қойындысына өтіңіз.
- Қойындыда карточкалар бар: «Битрикс24-тен көшіру», «Excel немесе CSV-дан мәмілелер», «amoCRM-нан мәмілелер» және клиенттерді жүктеу.
Файлды дайындаңыз
Басқа CRM-нан түсірілген файл немесе менеджердің кәдімгі кестесі жарай береді. Талаптар:
| Не | Талап |
|---|---|
| Пішім | CSV, XLSX немесе XLS |
| Көлемі | 10 МБ-қа дейін |
| Бірінші жол | Бағандардың тақырыптары. Деректер екінші жолдан басталады |
| Міндетті баған | Клиент. Клиенттің аты жоқ жолдар өткізіп жіберіледі |
| Сома | Кез келген түрде жазуға болады: 1 250 000, 1 250 000,50 ₸, 1,250,000.50. Бос сома қате емес, мәміле «Сомасыз» болады |
| Жасалған күні | Мысалы 12.03.2026, 2026-03-12 немесе 12/03/2026 14:30 |
Кестені қалай ресімдеу керегін білмейсіз бе? «Excel немесе CSV-дан мәмілелер» карточкасында «Үлгіні жүктеу» батырмасын басыңыз. Үлгіде CRM күтетін бағандар және толтыру мысалы бар екі жол бар. amoCRM карточкасының бағандары amoCRM экспортындағыдай аталған өз үлгісі бар.
Excel немесе CSV-дан жүктеу: төрт қадам
«Excel немесе CSV-дан мәмілелер» карточкасында «Мәмілелерді жүктеу» батырмасын басыңыз. «Файлдан мәмілелерді жүктеу» терезесі ашылады, жоғарыда қай қадамда тұрғаныңыз көрінеді.
1-қадам. Файл
- Файлды терезеге сүйреп әкеліңіз немесе басып, компьютерден таңдаңыз.
- CRM файлды оқып, онда деректері бар қанша жол барын жазады.
- «Әрі қарай» батырмасын басыңыз. Қате файл таңдасаңыз, «Басқа файл таңдау» батырмасын басыңыз.
2-қадам. Бағандар
Сол жақта CRM өрістері, оң жақта файлыңыздың бағандары. CRM өзі таныған бағандар таңдалып тұр, қасында файлдағы мәннің мысалы көрсетілген.
| CRM өрісі | Оған не түседі |
|---|---|
| Клиент | Клиенттің немесе компанияның аты. Міндетті |
| Телефон | Осы бойынша CRM базада бұрыннан бар клиенттерді табады |
| Мәміле атауы | Баған болмаса, атауы клиенттің аты болады |
| Сомасы | Мәміле сомасы |
| Кезеңі | Файлыңыздағы кезең, үшінші қадамда оны воронка кезеңімен байланыстырасыз |
| Жауапты | Мәмілені кім жүргізеді. Баған бос болса, файлды жүктеген адам жауапты болады |
| Дереккөз | Клиент қайдан келді |
| Пікір | Мәмілеге жазба |
| Жасалған күні | Мәміле қашан пайда болды |
| Бас тарту себебі | Толтырылса, мәміле сәтсіз болып жүктеледі және «Сәтсіз» қойындысына түседі |
- Әр өріске дұрыс баған таңдалғанын тексеріңіз. Баған керек болмаса, «Жүктемеу» тармағын таңдаңыз.
- Клиент бағанын міндетті түрде таңдаңыз: онсыз CRM әрі қарай өткізбейді.
- «Әрі қарай» батырмасын басыңыз.
3-қадам. Кезеңдер
Бұл қадам файлда кезең бағаны болса шығады. Сол жақта файлыңыздағы кезеңдер, мысалы «Шот жазылды» немесе «Ойланып жүр», оң жақта воронкаңыздың кезеңдері.
- Файлдың әр кезеңіне воронканың сәйкес кезеңін таңдаңыз.
- Таңдамағаныңыз воронканың бірінші кезеңіне түседі.
- «Әрі қарай» батырмасын басыңыз.
4-қадам. Тексеру
CRM жүктегеннен кейін не болатынын сөзбен көрсетеді:
- «Жүктелетін мәміле саны: …»;
- «Жаңа клиент карточкасы пайда болады: …»;
- «CRM-де бұрыннан бар клиенттерге тіркелетін мәміле: …» (телефон бойынша сәйкестік);
- «Өткізіп жіберілетін жол (клиенті жоқ): …»;
- қай кезеңдерді сәйкестендірмегеніңіз және бұл мәмілелер қайда тұратыны;
- «Кезеңдер бойынша бөлінуі» және «Алғашқы мәмілелер осылай көрінеді».
Бәрі дұрыс болса, мәміле саны жазылған «Жүктеу» батырмасын басыңыз. Дұрыс болмаса, «Артқа» батырмасын басып, түзетіңіз. Жүктегеннен кейін CRM «Жүктелген мәміле саны: …» деп жазады, ал мәмілелер таңдалған воронканың тақтасында тұрады және қолмен енгізілгендей жұмыс істейді.
amoCRM-нан жүктеу
- amoCRM-да «Сделки» бөлімін ашып, керекті мәмілелерді немесе бәрін таңдап, «Экспорт» батырмасын басыңыз. XLSX файлы шығады.
- WazzaBee CRM-де «Баптаулар → Деректерді көшіру» бөлімін ашып, «amoCRM-нан мәмілелер» карточкасында «amoCRM-нан жүктеу» батырмасын басыңыз.
- Файлды таңдаңыз. amoCRM бағандарын («Бюджет», «Этап сделки», «Основной контакт» және басқалары) CRM өзі таниды.
- «Кезеңдер» қадамында amoCRM кезеңдерін өз воронкаңыздың кезеңдерімен байланыстырыңыз.
- Қорытындыны тексеріп, «Жүктеу» батырмасын басыңыз.
amoCRM-дағы «Воронка» бағанын CRM кезеңмен шатастырмайды: кезең «Этап сделки» бағанынан алынады.
Битрикс24-тен көшіру
Битрикс24-тен мәмілелерден де көп нәрсе көшіріледі: воронкалар, мәмілелер, клиенттер, тарих пен тапсырмалар JSON пішіміндегі бір көшіру файлымен, ал ашық желілердегі хат алмасу екінші файлмен. Екі файлды да Битрикс24 порталыңыздың экспорты дайындайды.
- «Битрикс24-тен көшіру» карточкасында «Файлдарды таңдау» батырмасын басыңыз.
- «Көшіру файлын таңдау» батырмасын басып, .json файлын таңдаңыз. Файл 80 МБ-тан аспауы керек.
- CRM файлда не барын көрсетеді: портал, жұмыстағы, сәтті және сәтсіз мәмілелер, контактілер, тарих жазбалары, тапсырмалар және кезең, бас тарту себебі мен мәміле саны жазылған воронкалар тізімі.
- Файлда лидтер болса, «Лидтерді «Лидтер» деген бөлек воронкамен көшіру» белгісін қойыңыз. Мәмілеге айналып қойған лидтер қайта көшірілмейді.
- Битрикс24-те ақша өз өрісіңізде жазылған болса, оны «Мәміленің сомасы жоқ болса, мына өрістен алу» тізімінен таңдаңыз. Сонда осы мәмілелер бойынша түсім есептеледі.
- Қалай жүктейтініңізді таңдаңыз: «CRM-ге жүктеу» немесе «Тек қарау».
- «Жүктеу» батырмасын басыңыз. Жүктегеннен кейін «Мәмілелер» ашылады.
| Режим | Не болады |
|---|---|
| «CRM-ге жүктеу» | Мәмілелер мен клиенттер CRM-де біржола қалады: бетті жаңартқаннан кейін де тұрады және кәдімгідей жұмыс істейді |
| «Тек қарау» | Ештеңе сақталмайды: деректер бетті жаңартқанға дейін тек осы браузер қойындысында көрінеді. Осылайша бәрі қалай орналасатынын алдын ала бағалауға болады |
CRM Битрикс24 деректерін қалай орналастырады
- Сәтсіз кезеңдер бас тарту себептеріне айналады, сәтсіз мәмілелер себеп бойынша сүзгісі бар «Сәтсіз» қойындысына түседі.
- Сәтті кезең «Төленді» болады.
- Мәмілелердің өз өрістері мәміле карточкасындағы «Битрикс24 өрістері» блогында көрінеді.
- Мәміле тарихы лентаға «Қоңырау», «Хат», «Кездесу», «Кезең ауысуы» немесе «Іс» деген белгілермен түседі.
- Көшіруден келген сәтсіз мәмілені жұмысқа қайтарғанша қарауға болады, бірақ өзгертуге болмайды.
Ашық желілердегі хат алмасу
- Алдымен мәмілелері бар көшіру файлын таңдаңыз: хат алмасу соларға байланады.
- «Хат-хабар файлын таңдау» батырмасын басып, экспорттың екінші файлын (…-chats.json) таңдаңыз.
- «Хат-хабарды жүктеу» батырмасын басыңыз.
Чаттар өз мәмілелеріне, ал мәміле болмаса, контактінің соңғы мәмілесіне немесе клиент карточкасына байланады. Ашық желілердің қызметтік хабарламалары жасырылған, оларды чатта көрсетуге болады. Хат алмасу мәміленің «Чат» қойындысында және «Чаттар» бөлімінде тек оқу үшін көрінеді. Хат алмасу бұрын жүктелген болса, жаңа файл оны ауыстырады: CRM бұл туралы ескертеді.
Жүктегеннен кейін
«Деректерді көшіру» қойындысында «Файлдан жүктелді» блогы пайда болады: портал, мәмілелер, сәтсіз мәмілелер мен контактілер саны, қанша чат пен хабарлама барлығы. Қасында «Мәмілелерді ашу», «Хат алмасуды жүктеу» немесе «Хат алмасуды ауыстыру» батырмалары бар. «Тек қарау» режимінде жүктелген деректер үшін «CRM деректерін қайтару» батырмасы бар: файлдардан келген деректер қойындыдан жоғалып, базадағы CRM-іңіз ашылады.
Жиі қойылатын сұрақтар
Клиенттер CRM-де бұрыннан бар болса, қосарланып кете ме?
Excel, CSV және amoCRM-нан жүктегенде жоқ: клиенттің телефоны CRM-де бұрыннан бар болса, мәміле сол клиентке тіркеледі, жаңа карточка құрылмайды. Телефоны жоқ клиенттер жаңа болып саналады.
Неге жолдардың бір бөлігі өткізіп жіберілді?
Бұл жолдарда клиент бағаны бос. Атсыз мәміленің карточкасында көрсететін ештеңе жоқ, сондықтан CRM мұндай жолдарды өткізіп жібереді және олардың санын тексеру қадамында жазады.
Сәтсіз болған мәмілелерді жүктеуге бола ма?
Иә. Бас тарту себебі жазылған бағанды «Бас тарту себебі» өрісімен сәйкестендіріңіз: мұндай мәмілелер «Сәтсіз» қойындысына жүктеледі.
Файл 10 МБ-тан үлкен. Не істеу керек?
Кестені бірнеше файлға бөліп, кезекпен жүктеңіз. Битрикс24 көшіру файлы үшін шек 80 МБ.
Файлдағы кезең бірде-бір кезеңмен сәйкес келмесе, мәмілелер қайда тұрады?
Воронканың бірінші кезеңіне. Тексеру қадамында CRM қай кезеңдер сәйкестендірілмегенін алдын ала көрсетеді.
